Өзбекстанда тұрақты тұрғындардың саны 37,5 миллионнан асты

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Өзбекстанның Статистика агенттігі елдің тұрақты тұрғындарының санын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттіктің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Өзбекстанда тұрақты тұрғындардың саны 37,5 миллионнан асты
Фото: STATISTIKA | Rasmiy kanal

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 543 167 адамға жетті.

Бұл көрсеткіш 2025 жылдың 20 қаңтарында 37 576 214 адамды құрады. 

Соның ішінде:

Әйелдер саны – 18,6 млн 

Ерлер саны – 18,9 млн 

Еске сала кетейік, 28 қарашада Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 506 692 адамды құраған болатын. Сондай-ақ 2025 жылы Өзбекстан үкіметі 5,2 млн адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар