Өзбекстанда Ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы Өзбекстанда кең ауқымда аталып өтпек, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда Ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтеді
Фото: mobilaser.kz

Бұл туралы Kazinform тілішсіне сұхбат берген Өзбекстан Жазушылар одағына қарасты Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахметов мәлім етті.

- Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап өту жоспарланып отыр. Тиісті іс-шаралардың тізімі бекітіліп жатыр. Бұған қатысты Қазақ әдебиеті кеңесі өзінің қажетті ұсынысын енгізді, - деп тоқталды Тұрсынәлі Ахметов.

Ол атап өткендей, биыл Өзбекстан өңірлерінде ғылыми-тәжірибелік конференция, жыр мүшәйралары мен түрлі байқаулар ұйымдастырылады.

Өзбекстанда Ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтеді
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

- Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының еңбектерін насихаттау мақсатында оқушылар мен жастар арасында түрлі конкурстар ұйымдастырылады. Мұнымен бірге, жыр мүшәйрасы және халықаралық ақындар айтысы өткізіледі, - деді Тұрсынәлі Ахметов Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, биыл елімізде хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Бұған қоса, былтыр Өзбекстанда бірқатар қазақ жазушыcының мерейтойы аталып өтті.

Мұнымен қатар, 2024 жылы Өзбекстандағы қазақ қаламгерлерінің 20-ға тарта кітабы жарық көріп, үш қандасымыз көршілес елдің Жазушылар одағына мүше атанды.

Соңғы жаңалықтар