Өзбекстанда ұялы телефон нөмірі 84,7 мың долларға сатылды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда ең қымбат телефон нөмірі аукционда 84,7 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

ұялы байланыс
Фото: Kazinform

Өзбек республикалық тауар-шикізат биржасының мәліметінше, 20 наурызда өткен аукцион нәтижесінде ұялы телефон нөмірі 1,07 млрд сумға (84,7 мың доллар) сатылды. Бұл аталған сауда платформасы іске қосылғаннан бері нөмір үшін ұсынылған ең жоғары баға.

«Бастапқы құны 200 млн сум болатын бұл ұялы телефон нөмірі жеке тұлғаларға арналған. Үш сағаттан аса уақытқа созылған онлайн аукционға 10 үміткер қатысып, 87 рет баға ұсыныды. Нәтижесінде бұл ұялы телефон нөмірінің бастапқы құны бес есе өсті», - деп мәлім етті биржадан.

Мәлім болғандай, аукцион жеңімпазы бұл нөмірді ұялы байланыс операторы арқылы 10 күн ішінде ресімдеп алуы тиіс.

 

Соңғы жаңалықтар