Өзбекстанда жемқорлыққа бейім келетін шенеуніктерді ерте анықтау тәжірибесі енгізілмек
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Енгізілуі ықтимал жүйе басшылық лауазымда отырған мемлекеттік қызметшілер мен резервте тұрған кадрлардың сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты бейім келетінін анықтауға бағытталған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Акмал Бурханов мәлім еткендей, бұл - заңсыз байлыққа кенелу мақсатында мемлекеттік қызметке орналасқандарды анықтауға, тиісінше адал кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, таяуда Өзбекстанда экономиканың дамуына селқос қараған 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды.
Бұған дейін Өзбекстанда инвестиция тарту ісіне селқос қараған бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қызметін босатқан болатын.
Сонымен қатар, былтыр Өзбекстанда мемлекеттік қызметте жүріп, кәсіпкерлік субъектілеріне иелік еткен министрліктердің 398 маманы анықталды.