Өзбекстанда жер сілкінісі туралы хабарлайтын мобильдік қосымша жасалды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда 2023 жылдың 1 желтоқсанынан қуатты жер сілкінісі туралы алдын ала ескерту ұлттық жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда жер сілкінісі туралы хабарлайтын мобильдік қосымша жасалды
Фото: images1.ynet.co.il

Республика президенті 16 мамырда «Өзбекстан Республикасы халқының және аумағының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» тиісті қаулыны қабылдады.

Жүйе шеңберінде Өзбекстан мен көрші елдер аумағындағы сейсмикалық белсенділіктің онлайн-мониторингі жүйесімен байланысты «Қуатты жер сілкінісі туралы ескертулер» мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланған.

Мобильдік қосымша 5 балдық жер сілкінісі тіркелгеннен кейінгі бірнеше секундта қолданушыларға хабарлама жіберуі керек.