Өзбекстанда жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін 666 адам жауапқа тартылды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Былтыр Өзбекстанда жыныстық қол сұғу қылмыстарына қатысы бар 666 адамға түрлі жаза кесілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен атап өткендей, 2023 жылы ӘҚБтК-нің 41-1-бабы (жыныстық сипаттағы қылмыстар) бойынша 666 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Оның ішінде 233 адамға айыппұл салынса, 433 азамат әкімшілік қамауға алынған.
«Өзбюкстан Қылмыстық кодексінің 141-3 бабы бойынша (жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру және интимдік мәліметтерді жария ету) 48 адам сотталды. Оның жетеуіне — бас бостандығынан айыру, ал 41-іне — бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза белгіленді», — деп мәлім етті Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.
Қоса кетсек, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың мәліметінше, әлемдегі 736 млн әйелдің үштен бірі жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.