Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары референдумда дауыс беріп жатыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында орналасқан Қазақстан елшілігінің жанындағы референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.  

Өзбекстан
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Ташкенттегі № 399 референдум учаскесі шет мемлекеттердегі ең ірі учаскелердің бірі. Бүгінде бұл учаскедегі сайлаушылар тізімінде Өзбекстанда тұрақты тұратын және уақытша жүрген 600 Қазақстан азаматы бар. 

Өзбекстан
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

№ 399 референдум учаскесінің төрағасы Жаслан Искаковтың айтуынша, мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйде таңдау жасауы үшін дауыс беру жәшіктерін жеткізетін топтар жасақталған. 

Өзбекстан
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Аталған учаскеге Ташкенттегі жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, Өзбекстанда уақытша жұмыс істейтін және тұратын отандастарымыз, қазақстандық туристер мен іссапарда жүрген азаматтар келеді деп жоспарланып отыр. 

Өзбекстан
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Еске салайық, Ташкент қаласындағы №399 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының елшілгі ғимаратында (Абай көшесі, 1) орналасқан. Онда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады. 

Өзбекстан
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform
Соңғы жаңалықтар