Өзбекстандағы ҚР Елшілігі Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөнінде брифинг өткізді

КЕНТ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстандағы ҚР Елшілігінде журналистер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіру жөнінде брифинг болып өтті.
None
None

Брифинг барысында Өзбекстандағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин жергілікті және шетелдік журналистерді хабардар еткеніндей, 2010 жылдың 28 қаңтары күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады, биылғы Жолдау «Болашақты бірге құрамыз!» атты тақырыпта өтті. Елдің негізі бағдарламалық құжатында Қазақстанның қоғамдық, саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы барлық жағдайлар айтылған.

Б.Жексембиннің айтып өткеніндей, Қазақстанның халықаралық қор активі 60 миллиард АҚШ долларынан асады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 120 миллиард АҚШ доллары тартылған.

Жолдаудың әлеуметтік негізіне тоқталған дипломатиялық өкілдіктің басшысы жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен міндеттердің басты мақсаты - Қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсарту болып табылады деп атап өтті. Сондықтан ҚР Президенті Н.Назарбаев өз Жолдауында әлеуметтік саланың қайта жаңғыртылуына көп назар бөлді. «Мемлекет басшысы ел Үкіметіне ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту мен халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа стратегиялық бағдарлама әзірлеуді тапсырды», - деп хабарлады елші.

«Қазақстан Президенті сыртқы саясатта Қазақстан әлем бойынша инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтардың алдындағы өз міндеттерін тұрақты жүзеге асырады деп қадап айтты. Қазақстан саясаты барлық әріптестеріміздің үміті мен болжамдарына сәйкес келетін болады», - деді Жолдаудың сыртқы саяси бағытына тоқталған Б.Жексембин.

Соңғы жаңалықтар