Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы екі жылға жарыстан шеттетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстандық таэквондошы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Халықаралық допинг-тест агенттігі (ITA). 

Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы екі жылға жарыстан шеттетілді
Фото: instagram.com/ulugbekrashitov

ITA мәлімдемесінде спортшының өткен жылы өзінің тұрған жерін көрсету ережелерін үш рет бұзғаны, бұл допингке қарсы ережені бұзу (ADRV) ретінде жіктелгені айтылған.
Рашитов зереже бұзушылық туралы айыптауға қарсы шықпағаны және ITA ұсынған санкциялармен келіскені атап өтілді.

Спортшының спорттан шеттетілген мерзімі ерікті түрде уақытша шеттетілген күннен – 2025 жылдың 13 мамырынан басталады және 2027 жылдың 12 мамырына дейін жалғасады.
Сонымен қатар спортшының ереже бұзушылық жасалған кезден бастап (2025 жылдың 3 ақпаны) дисквалификация кезеңі басталғанға дейін көрсеткен барлық жеке жарыс нәтижелері жойылады.

Еске сала кетейік, өзбекстандық ауыр атлет допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілгені жайлы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар