Өзбекстандық гроссмейстер шахматтан әлем кубогінің ең жас жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — 19 жастағы Жавохир Синдаров 26 қарашада Үндістанның Гоа қаласында аяқталған турнирде шахматтан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform. 

Өзбекстандық гроссмейстер шахматтан Әлем кубогының ең жас жеңімпазы атанды
Фото: x.com/FIDE_chess

Халықаралық шахмат федерациясының мәліметінше, ол финалда қытайлық спортшы Вэй Иді жеңді. Екі финалист те 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алды. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев спортшыны құттықтау үшін президенттік олимпиаданың ашылу салтанатында сөзін бөлді.

Жавохир Синдаров енді 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында Кипрде өтетін үміткерлер турниріне қатысады, онда жеңімпаз Үндістаннан келген қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджумен кездеседі.

Бұған дейін қарағандылық шахматшы Үндістанда өткен әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алғанын жазған едік. 

Ал ақтаулық жас гроссмейстер Эдгар Мамедов қазан айында Албанияда өткен 16 жасқа дейінгі юниорлар арасында әлем чемпионы атанған. 

Соңғы жаңалықтар