Өзбекстандық студенттер 18 тамызда Гиннестің рекордтар кітабына енбек
АСТАНА. KAZINFORM – 18 тамызда «Жаңа Өзбекстан» саябағында 2 000 жас инженер бір уақытта 2 000 робот құрастырып, іске қосады. Студенттер осы ісі арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздейді, деп жазды yuz.uz.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының білім беру реформасы жөніндегі орынбасары Хилола Умарова Telegram-арнасында хабарлады.
Айтулы іс-шараға Ташкенттен және республиканың әр өңірінен мыңдаған жастар қатысады. Олардың арасында президенттік мектептердің оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі жас инженерлер де бар.
2023 жылы Үндістанда 1 459 оқушы бір уақытта мини-робот құрастырған. Өзбекстандық жастар бұл көрсеткіштен асып түсуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, әлемдік футбол жұлдыздары 26 тамызда Өзбекстанға келеді.