Өзбекстандықты АҚШ-тың орнына Африкаға жұмысқа жіберген күдікті ұсталды

Өзбекстандықты АҚШ-тың орнына Африкаға жұмысқа жіберген күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

ТАШКЕНТ. KAZINFORM –  Өзбекстанның Жизақ облысында жергілікті тұрғынды АҚШ-қа жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, бірақ оны Оңтүстік Африкаға жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Жизақ облысы бойынша Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, «Хайробод» махаллясының И.М. есімді тұрғыны құқық қорғау органына арыз түсірген. Оның ұлына А.Я. есімді азамат АҚШ-қа жұмысқа жіберуге уәде етіп, ол үшін 14,3 мың доллар алып, арызданушының баласын Оңтүстік Африкаға жіберген.

Сондай-ақ жәбірленуші ұлының Африкада қиын жағдайда қалып қойғанын және А.Я. есімді тұрғынның мәселені шешіп беру үшін тағы 6700 доллар сұрағанын мәлімдеген.

Күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар