03:27, 03 Маусым 2018 | GMT +5
Өзбекстандық байланысшылар Қазақстан мен Ресейге қоңырау шалу бағасын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өзбектелеком» АҚ Халықаралық операторлармен Ресей және Қазақстан бағытына қоңырау шалу тарифін азайту жөнінде келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды uza.uz.

Атап айтқанда, оператор бұдан бұрын 2018 жылдың 1 маусымында «Орталық Телеграф» сервистік телоыон карталары абонентері үшін тарифті көтеруді жоспарлаған шешімін өзгертті.
Соған сәйкес ескі тариф: «Орталық Телеграфтың» телефон картасы арқылы Ресеймен сөйлесу - минутына 410 сум, ал Қазақстанмен - 425 сум сақталатын болды.