16:17, 11 Қаңтар 2024 | GMT +5
Өзбекстанның бірнеше облысында жер дүмпуі сезілді
Бүгін Астана уақытымен сағат 15:20-да Ауғанстанда жер сілкінді. Жерасты дүмпуі Өзбекстанның 10 облысында сезіліп, 2-3 балды құрады, деп хабарлайды Kazinform ӨР ТЖМ Республикалық Сейсмопрогностика мониторингі орталығының ақпаратына сілтеме жасап.
11 қаңтарда Ауғанстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның бірнеше облысында сезілді.
Жер сілкінісінің координаттары: 36,7 градус с.е; 70,34 градус ш.б.
MPV магнитудасы – 6.
Тереңдігі 180 шақырым.
Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 517 шақырым жерде орналасқан.