Өзбекстанның Бұхара облысын шегіртке басты

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Бұхара мен Хорезм облыстарын байланыстыратын А380 тас жолын шегіртке басты, деп хабарлайды ӨР ТЖМ.

Өзбекстанның Бұхара облысын шегіртке басты
Фото: Видеодан алынған скрин

Оларды дер кезінде жою мақсатында Бұхара облысының шегіртке және тұт көбелектеріне қарсы күрес қызметі екі бригадаға бөлініп, 4509 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл аймақтарда арнайы техниканың көмегімен 15 рет химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілгенін, қазір жағдай толық бақылауда екенін хабарлады.

Бұхара облысының Газли тұрғын алабы, Рамитан, Қаракөл, Тайлақ аудандары ерекше бақылауға алынып, оларда да бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Республика бойынша 472 739 гектар жерге мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 267 мың 267 гектарға зиянды шегірткелердің тарағаны анықталды. Оның 244 530 гектары химиялық өңдеуден өткен.

— Біз бүкір сексеуіл шегірткесінің ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтірмейтінін айта аламыз. Аймақтық төтенше жағдайлар штабы түскен шағымдар бойынша тексеру жүргізіп жатыр, анықталған ошақтар қысқа мерзімде жойылуда, — делінген Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігінің есебінде

Биыл Қазақстанда шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөлінеді.

Сондай-ақ сәуір айында Түркістан облысында шегіртке қаптағаны жайлы дабыл қағылды

Соңғы жаңалықтар