06:45, 11 Қаңтар 2024 | GMT +5
Былтыр Өзбекстан экономикасы 5,5 пайызға өсті
Өткен жылы Өзбекстан экономикасындағы өсім 5,5 пайызды құрады. Мұндай деректер Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Әлемдік экономиканың перспективалары» баяндамасында келтірілген, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Аталған көрсеткіштке Дүниежүзілік банк жыл ішінде үш рет өзгеріс енгізді. Оның барлығы өсім жаққа бағытталған.
Өткен жылдың басында ДБ Өзбекстан экономикасының жылдық өсімін 4,9% деңгейінде болады деп бағалады.
Алайда, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша болжамды - 5,1%, ал қазанда 5,5 пайызға дейін көтерді.
Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Өзбекстанның экономикалық өсім қарқыны биыл да 5,5% деңгейінде сақталады.