Өзбекстанның сыртқы қарызы 68,4 миллиард долларға жетті
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2025 жылдың бірінші тоқсанында Өзбекстанның сыртқы қарызы 4,3 млрд долларға өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан Орталық банкінің дерегінше, қаңтар-наурыз айлары аралығында елдің жиынтық сыртқы қарызы 68,4 млрд долларға жеткен. Оның ішінде 35,8 млрд доллар мемлекеттің сыртқы қарызы болса, 32,6 млрд доллар корпоративтік берешек саналады.
Реттеуші органның есебінде баяндалғандай, бірінші тоқсанда әлемдік экономикада күрделі өзгерістер болды. Осыған байланысты жаһандық нарықта энергия ресурстарының бағасы қымбаттады. Бұл үрдіс Өзбекстанның экспорт әлеуетінің әлсіреуіне жол бермеді.
Еске салайық, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның жалпы мемлекеттік сыртқы қарызы 10,8 млрд долларға өсіп, 64,1 млрд долларға жеткен еді. Осылайша, қарыз сомасы елдің жалпы ішкі өнім көлемінің 55,7 пайызына теңелді.
Қоса кетсек, Дүниежүзілік банк биылӨзбекстан экономикасының өсімін 5,8% деңгейінде болжап отыр.