Өзбекстанның Сурхандария облысында үшінші рет жер сілкінді

жер сілкінісі
Фото: Depositphotos.com

Бүгін, 23 қарашада жергілікті уақытпен 14:36 шамасында Өзбекстан аумағында 3,9 балдық зілзала болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

ТЖМ сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының дерегі бойынша, эпицентрі Сурхандария облысының Құмқорған ауданында орналасқан.

Жер сілкінісінің бағыты: 37,76 с.е. 67,69 ш.б. Магнитудасы М – 3,9. Тереңдігі – 10 шақырым. Эпицентрден Ташкентке дейінгі арақашықтық – оңтүстік-батыс бағытта 411 шақырым.

Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпуінің күші:

Құмқорған ауданы: 3 балл, 16 км.

Шурчи ауданы: 2-3 балл, 26 км.

Бандиқан ауданы: 2 балл, 31 км.

Жарқорған ауданы: 2 балл, 35 км.

Кизирик ауданы: 2 балл, 42 км.

Бұл – бүгін осы өңірде болған үшінші жер сілкінісі. 3,4 балдық біріншісі таңғы 04:28-де болса, екіншісі 14:08-де тіркелді.

Соңғы жаңалықтар