Өзбекстанның босқындар лагерінде ҚР азаматтары жоқ - Қазақстанның Ташкентегі елшілігі

ТАШКЕНТ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанның босқындар лагерінде ҚР азаматтары жоқ. Бұл туралы жұма күні біздің тілшімізбен болған телефон арқылы әңгімеде Әндіжан облысында орналасқан Ташкенттегі Қазақстан Республикасы елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек хабарлады.
None
None

Дипломаттың айтуынша, бүгінгі күні Әндіжандағы ӨР ресми билік өкілдері Өзбекстан жер аумағын Қырғыз елінің босқындары тастап кеткенін, тек ӨР медициналық мекемелерінде емдеу қабылдап жатқан 395 жаралы мен ауру азамат қана әзірше қалдырылып отырғанын хабарлады. .

Б.Дәуренбектің айтуынша, Өзбекстандағы ҚР Елшілігі ӨР жер аумағында болуы мүмкін Қазақстан азаматтарын іздестірді. Бірақ, бүгінгі таңда ешқандай нақты ақпараттар келіп түскен жоқ.

Осыған дейін хабарлағандай, Өзбекстандағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің жедел әрі тыңғылықты атқарған шаралары нәтижесінде Әндіжан облысында орналасқан босқындар лагерінен ҚР азаматшасы Элиза Сулиева мен оның екі жасар қызы Гюзель босатылып, елге қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар