20:41, 01 Қазан 2009 | GMT +5
Өзбектер жүзім мен көкөністердің экспортын ресми түрде шектеді
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Өзбекстан үкіметі республикадан жеміс-жидек өнімдерін экспорттауға шектеу енгізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Мұның себебін Өзбекстанда өздерінің тұтыну базарын молықтыру қажеттілігінен деп атайды. Тек «Узулгуржисавдоинвест» («Узоптторгинвест») қауымдастығына, «Матлуботсавдо» («Коопторг») аумақтық акционерлік компаниясына және олардың заңды тұлға мәртебесі бар бөлімшелеріне ғана ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде бақша дақылдары мен жүзімдерді шығаруға рұқсат етілген.
Ағымдағы жылғы тамызда Өзбекстандағы ресейлік кәсіпкерлер сатып алған жемістер мен көкөністер тиелген жүзге жуық вагондар республиканың Қазақстанмен шекарасында ұсталған болатын.