Өздерінің хаттары мен жеделхаттарында Қазақстан Республикасының ресми адамдары, азаматтар мен ұйымдар мерейтоймен және Елорда күнімен шынайы құттықтауларын жеткізген

СТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына хат-хабарлар келіп түсуде. Өздерінің хаттары мен жеделхаттарында Қазақстан Республикасының ресми адамдары, азаматтар мен ұйымдар мерейтоймен және Елорда күнімен шынайы құттықтауларын жеткізген, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді туған күніңізбен және Астана күнімен құттықтаймын. Сізге халық игілігі жолындағы президенттік қызметіңіздің ұзақ болуын тілеймін», - деп жазады Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданындағы қарттар мен мүгедектер үйінде тұрып жатқан Зинаида Зимина. - Бізге көрсеткен қамқорлығыңызға және үнемі назарда ұстайтын көңіліңізге қарттар атынан рахмет».

Мемлекет басшысын А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқытушылар қауымы мен тыңдаушылары, Астана қаласының Өспен кафедральдық шіркеуінің бірінші настоятелі, архимандрит Серапион (Дунай), жыр жолдарын жолдаған Сейіт Қайыровтар құттықтады.

«Біз өзіміздің оқу орнымызды мысал ете отырып, Сіздің мүмкіндігі шектеулі балаларға қаншалықты зор қамқорлық көрсетіп отырғаныңызды жақсы білеміз, - делінген Петропавловск қаласындағы есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері, мұғалімдері және директоры Ж.Тәжин қол қойған жеделхатта. - Бізде осындай балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған жақсы материалдық-техникалық база бар. Біз заманауи есту аппараттарын қолданамыз. Балаларға оларды барлық мүшесі сау адамдардың қатарына қосатын операциялар жасалады. Мектеп-интернат түлектерінің мемлекеттік грант бойынша жоғарғы оқу орындарында оқуына мүмкіндік бар. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне жол ашады. Біз Сізді жақсы көреміз және келешегіміздің кемел болатынына сенеміз».

Президентті Алматы қаласынан соқырлар мен көздері нашар көретіндерге арналған республикалық кітапхананың ұжымы, Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау ардагерлер қауымдастығының төрағасы Сәбит Кузанов, Қазақстан Республикасы диабеттер қауымдастығының атынан Н.Тукалевская, сондай-ақ Көкшетаудан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Жабал Ерғалиев және Қазақстан Жастар конгресі құттықтаған.

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданындағы медицина қызметкерлерінің ұжымы Мемлекет басшысына еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне көрсеткен ұдайы қамқорлығы үшін алғыс айта келіп, былай дейді: «2010 жылы ауысымда 150 адам қабылдайтын емханасы бар 100 адамға арналған жаңа орталық аудандық аурухананың құрылысы аяқталатыны бұл қамқорлықтың жарқын көрінісі болып табылады. Аурухана қазіргі заманғы диагностикалық аппараттармен, техникамен және жабдықтармен жарақтандырылған».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа денсаулық, ұзақ ғұмыр және игілік тілеген құттықтаулар Өскеменнен экономика ғылымдарының докторы У.Әлімбетов пен техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері О.Ханнан, Алматыдан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының директоры М.Алшынбаевтан, Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген геолог-барлаушысы Тұрсынғали Көшеновтен келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар