ӨЗЕКТІ: Алматы облысында 51 ЖКО жол жағдайының нашарлығынан орын алған

ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 11 қазан күнгі кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары елімізде жол-көлік оқиғаларынан опат болатындар санының күрт артып отырғандығына ерекше тоқталып өткен еді.
None
None

Өткен жылы жол апатынан 2145 адам қаза тапты, биылғы жылы - 2273 адам. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға тапсырма берді.

Алматы облысында статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылдың 9 айында 1235 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 351 адам ажал құшты, 1939 адам жарақаттанған. Жалпы есептегі 51 ЖКО жол жағдайы шарттарының нашарлығынан болған.

2012 жылмен салыстырғанда ЖКО 17,5 пайызға өскен. Одан зардап шеккен адамдар саны 23,5 пайызға, қаза тапқандар 6 пайызға артқан.

Облыстың прокуратурадан хабарлағандай, өңірдегі көліктің саны 500 мыңнан асады. Көлік саны артса да, жолдың сапасы бұрынғы деңгейде қалып отыр. Жыл сайын жолдағы қозғалыстың көбеюі сәулеттік-жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілуін қажет етеді. Автокөліктер ағынының сараптамасы жол қозғалысының Алматы қаласына жатпайтын жолдарда 2000 жылдан бері 4-5 есеге артқанын көрсетіп отыр.

Ағымдағы жылы «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар жолдың учаскелері, сонымен қатар «Сарыөзек-Көкпек-Көктал-Қорғас» жергілікті маңыздағы жолы қайта жөндеуден өтеді. Соңғы айларда аталған жол учаскелерінде жол апаттары көбейе түскен.

«Алматы-Өскемен» тас жолының 81-шақырымында 3 қазан күні Mercedes Sprinter мен Ford Transit маркалы автокөліктер соқтығысып қалды. Mercedes автокөлігінің ішінде 15 жолаушы, соның ішінде 12-ден 15-ке дейінгі жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар, ал екінші көлікте екі адам болған. Апаттың салдарынан Ford көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Mercedes автокөлігінің кәмелеттік жасқа толмаған жолаушысы Қапшағай қаласының орталық ауруханасында қаза болды.

Соңғы жаңалықтар