ӨЗЕКТІ: Қазақстандықтардың 61,3 пайызы сайлауға баруға дайын - «Демократия институты» ҒЗҚ

18-19 қараша күндері жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, халықтың сайлауға қатысу белсенділігінің көрсеткіші қазіргі таңда 61,3 пайызды құрады. «Егер сайлау алдағы жексенбілердің бірінде болса, сайлауға барасыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 52,1 пайызы сайлауға баратынын, 9,2 пайызы «қатысуым мүмкін» деген жауап айтқан.
«Алдағы жексенбілердің бірінде болатын сайлауға қатысқан жағдайда қандай партияға дауыс бересіз?» деген сауалнама жауаптары бойынша партиялардың төмендегідей рейтингісі құрылды:
«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы - 75,7%;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,5%;
«Азат» партиясы - 2,1 %;
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы - 2 %;
«Әділет» демокартиялық партиясы - 0,9 %;
Патриоттар партиясы - 0,9 %;
«Ауыл» Қазақстанның әлеуметік-демократиялық партиясы - 0,8 %;
«Руханият» партиясы - 0,1 %;
Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 1500 адам қатысты.