ӨЗЕКТІ: Жезқазғандағы мамыр айының үш ауыр күні - еңбек жанжалының хроникасы

ҚАРАҒАНДЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жезқазған өңірі өткен демалыс күндері жұртшылық назар аударды. Сәтпаев қаласында бұрқ ете түскен «Қазақмыс» кеншілерінің стихиялы ереуілі тыныштықтан дауылға дейін бір-ақ қадам екенін көрсетті.
None
None

Компания басшылығы еңбек жанжалын бейбіт жағдайда жедел реттей алды. Алайда келіссөздер үдерісі күрделі болды. Жағдай компания басшылығы деңгейінде билік орындарының қандай да бір қысымынсыз шешілді.

Еңбек дауы қалай ширығып, қалайша шешілгені туралы оқиғалар хроникасын назарларыңызға ұсынамыз.

5 мамыр таңы. Бұдан бұрын кеше кеште Сәтбаевта Анненск руднигінің кеншілері ереуіл жариялайтыны белгілі болды. Жер астында жалпы саны 98 адамнан тұратын жұмысшылар ауысымы қалды. Ереуілшілердің талаптары әзірге белгісіз.

Компания Анненск руднигінде жұмыс тоқтағанын қуаттады. Кейінірек ресми мәімдеме жарияланды.

«Қазақмыс» тобы Анненск руднигінде бір ауысымда ұжымның еңбек даулары шешілгенге дейін өндірістік операциялар тоқтатылды. Дегенмен рудниктің өмірлік қажеттерін қамтамасыз ететін тиісті қызметтер жұмыстарын атқаруда. Кейбір ауысымдардың өндірістік үдерістерге саботажымен байланысты Сәтбаев қаласының прокуратура өкілдері жұмысшыларға олардың заңнаманың еңбек дауларын шешуге қатысты бөлігін бұзғанын түсіндірді және бастамашыл топты құқықтық кеңістік ауқымына оралуға шақырды. Талқылау бастамашыл топ өкілдерінің, прокурордың, Сәтбаев қаласы әкімінің, сондай-ақ Қазақмыс тобының бас операциялық директоры Сергей Дяченконың қатысуымен өтуде.  Рудник жұмысшылары ресми талаптарын айтқан жоқ. Алайда жұмысшылар тобымен талқылаудың нәтижесі бойынша негізгі талаптардың бірі негізгі кәсіптер қызметкерлерінің (проходчиктер, бұрғылаушылар) еңбекақысын көтеру болды», - делінген мәлімдеме мәтінінде.

Телеарналардың бірінінің тобымен, әріптестерімізбен бірге Қарағандыдан оқиға орнына аттандық. Жезқазғанға баратын жол тегіс емес, сондықтанда жолға алты сағаттан астам уақыт кетті. Жол үстінде «оқиға орнынан» хабарлар алдық. Интернетке жұмысшылар ереуілдетіп жатқан Анненск руднигінің аумағын автоматшылар қоршап алған деген «сыбыс» жіберілген.

Бізді ешқандай арнайы жасақшылар тобы (ОМОН) жолымызды кескен жоқ. Рудникке ойдағыдай жеттік. Мұнда кіреберіс алдына ондаған жұмысшы жиналған. Олардан білгеніміз, ереуілге басқа да рудниктердің кеншілері қосылған, олардың басты талабы - лайықты еңбекақы.

Кешке қарай келіссөздер басталды. Ол үшін жерастындағылар өздерінің өкілдерін жіберді.

Бізді, журналистерді кездесу өтіп жатқан рудниктің әкімшілік ғимаратына өткізді. Ал келіссөздер үдерісі жабық есік жағдайында жүріп жатты. Бірнеше сағат отырдық, нәтижелерін күтудеміз. Түн ортасына қарай тараптар өзара шешімге келді деп жарияланды. Кеншілердің бастамашыл тобы әріптестеріне қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабарлау үшін шахтаға оралды.

 «Бұл акция мүлдем санкцияланбаған, сондықтан да ереуіл анықтамасына мүлде сай келмейді. Сондықтан да біз ең алдымен, адамдарды осы акцияға итермелеген себептерді анықтауға тырыстық. Бәрі Анненск руднигінен басталды, оған Оңтүстік және Шығыс рудниктердің бірнеше бригадалары қосылды. Қазір жер астында жалпы саны 200 адам бар. Жер үстінде біз бірден шешімдерді қолға алдық, өйткені акция заңсыз. Бізге рудникте қандай да бір тәртіпсіздікке жол бермеуіміз қажет еді. Анненск руднигі бұйрықпен жағдай тұрақталғанша жабылды. Рудник қазірге дейін жабық күйінде қалып отыр, басқа рудниктерде де солай. Бізге жағдайдың мәнісін шешуіміз қажет. Біраз күш-жігер жұмсап, кеншілер арасынан бастамашыл топ құрылды», деп түсіндірді журналистерге Қазақмыс тобының бас операциялық директоры С.Дяченко.

Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін ереушілшілер өздерінің талаптарын білдірді, деп атап өтті ол.

«Қазір негізгі мәселелер бойынша бізде белгілі бір шешімдер бар екені жайлы уағдаластық. Топ қайтадан жер астына түсті. Кеіссөздер нәәтижелерін таяу уақытта білеміз деп сенеміз. Еңбек ұжымы тарапынан да, басшылық құрамы тарапынан да өзара мәмілеге келеміз деп олаймын. Мәселе тағы да еңбекақыны жетілдіру жайында болып отыр», - деді С.Дяченко.

6 мамырдың таңы. Кеншілер өздрінің талаптарын өзгертті, олар еңбекақыны көтеру туралы қатаң талап қойды. Жер астында 300-ден астам адам бар.

Анненск руднигінің аумағына жүздеген жұмысшы ағылуда. Келіссөздерді жалғастыру үшін Қазақмыс жоғарғы басшылығы: бас басқарушы директор Олег Новачук, корпорация басқармасының төрағасы Эдуард Огай келді.  Түс кезіндегі кездесуге 2 мыңға жуық адам жиналды.

Қазақмыс басшылығы еңбек дауын сындарлы тұрғыда талқылауға шақырып, акция бастамашыларына қатысты ешқандай қудалау болмайтынына сендірді. Жоғарыдағы жұмысшылар арасынан тағы бір бастамашыл топ құру ұсынылды.

Кезекті кездесу екі сағатқа созылды. Бұл сәтте қосымша бастамашыл топ құрылған жоқ. Бірақ та жаңа талаптар бумасы пайда болды.

«Біз, Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері, мынадай талаптар ұсынамыз: барлық бөліністерде  инженер-техник қызметкерлерінен үй сыпырушыға дейін еңбекақыны 100 пайыз арттыру. Тарифтік мөлшерлеме кемінде арттырылған еңбекақының 70 пайызынан кем болмауы тиіс. Жоспарды 80 пайызға орындаған жағдайда қалған 30 пайызы төленуі тиіс»,

Талаптарға сәйкес жер астында жұмыс жасайтын кеншілердің еңбекақысы 150 мың теңгеден басталуы тиіс.

Компания басшысы мәлім еткендей, бұл стихиялы акция басталғалы тааптардың оныншы нұсқасы. Ол әрбір рудникте жиналыс өткізуді ұсынды. Жұмысшылар бұл ұсыныстан бас тартты. «Мәселені қазір шешіңдер», деп айқайлады жиналғандар. Олай болса компания  басшылығы талаптар бумасына жұмысшылардың әрқайсысы жеке-жеке қол қоюын талап етті. «Бұл кейін жаңа нұсқа пайда болмауы үшін қажет», - деді Э.Огай.

Компания басшылығы жұмысшыларды қудалау болмайтынына тағы да кепілдік берді. Бұған дәлел ретінде Э.Огай өкімет орындарына жолданатын хатты жариялады: «Қазақмыс» корпорациясының кен-руда кәсіпорындарында ереуіл жағдайы қалыптасты. Қазіргі кезде компания басшылығы ұжымдық еңбек дауын реттеу шараларын қолға алуда, қызметкерлердің талаптарын қарау жөнінде ымыраласу комиссиясы құрылуда. Жоғарыда мазмұндалғандар негізінде еңбек даулары бойынша көрсетілген іс қимылдарға ереуілші шахтерлерге қарсы әрекет ету шаралары қолданылмайды деп санауды сұраймыз».

Тағы екі сағаттан кейін барлығы түбегейлі шешілді. Қолдар қойылды, компания басшылығы талаптардың қанағаттандырылғанын жариялады. Бір ғана шарт қойылды - сағат 22.00-ге дейін жер астындағы акцияға қатысушылар жоғары шығуы, қалғандары рудник аумағынан кетуі тиіс. Жиналғандар көп күттірген жоқ, сол бойда кете бастады. Кешкі сағат сегізге қарай кеншілер жер астынан шықты. Стихиялы ереуіл аяқталды.

7 мамырдың таңы. Рудниктер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Еңбек дауын әлеуметтік сілкініссіз реттеудің сәті түсті. «Мәселелер шешілді, еңбеақы елеулі арттырылады», - деді Э.Огай журналистерге берген сұхбатында. Компания басшылығы бұл оқиғадан сабақ алуға уәде берді.

Стихиялық акцияға әкеп соққан жұмысшылардың наразылығы басқару қызметкерлерінің кемшілігінен болды, деп мойындады компания басшысы.

 «Кейбір рудниктер жоспарларын орындамады. Соған байланысты ережеге сәйкес еңбекақы жалақының 70 пайызы мөлшерінде есептелді. Бұрынғы тариф бойынша еңбекақылары жабылған бригадалар өздерінің келіспейтіндігін білдіріп, Анненск руднигінде жер астында қалуды ұйғарды. Оның мәнісін тексергенде жоспарды орындауға кезінде тиісті жағдай жасалмағаны белгілі болды. Мен біраз уақыт бойы жоспарды орындамағаны үшін жалақыларын кем алған біздің қызметкерлеріміздің отбасыларының жағдайын түсінемін, бұл жерде біздің басшылық құрамның да кінәсі бар», - деп мәлімдеді компания басшысы.

«Еңбек жанжалына жол бермеуге болатын еді, деп санайды ол. «Біздің басшлықтың кемшіліктері де бар, бұдан тиісті қорытынды шығарамыз. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс», - деп мәлім етті компания басшысы.

Соңғы жаңалықтар