Өзен сағасында алып кит қайырлап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 метрлік гренландиялық алып кит РФ Хабаровск аймағында орналасқан Үлкен Шантар аралында өзен сағасында қайырлап қалған.
«Запаведное Приамурье» бірлестігі өкілдерінің айтуынша, оны құтқару жөніндегі мәселелер шешіліп жатыр. Өз еркімен немесе косаткалар тарапынан жасалған қысым салдарынан тұтқынға түсіп қалған кит осы жердегі туристердің қызығушылығын арттырды.
Қазір киттің қашан және қалай құтқарылатындығы жөніндегі мәселелер қарастырылып жатыр. Әзірге ұлттық саябақ инспекторлары китке қолдан келген көмекті көрсетуде. Китке қайта-қайта, тоқтаусыз су құйып тұруға тура келеді.