Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игеру келісімшартының мерзімі 2036 жылға дейін ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзен және Қарамандыбас мұнай кен орындарын игеру туралы келісімшарттың мерзімі 2036 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ.
None
None

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі мен 100% акциялары ҚМГ БӨ-нің иелігіндегі «Өзенмұнайгаз» АҚ арасында Маңғыстау облысында орналасқан Өзен және Қарамандыбас мұнай кен орындарын игеру туралы 1996 жылдың 31 мамырында қол қойылған № 40 келісімшарттың мерзімін 2036 жылдың 31 мамырына дейін ұзарту туралы № 5 қосымшаға қол қойылғанын хабарлайды. Бұған дейін келісімшарттың мерзімі 2021 жылға дейін болатын», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚМГ БӨ 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2014 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады.

ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоров блогы) еншісінде.

Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

Соңғы жаңалықтар