Өзенді жолмен шатастырған екі жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізушілер екі көлікпен өзен арнасында жүрген.

Құқық бұзушылық бейнелеген жазба әлеуметтік желіде тарады. Алматы қаласының полиция департаменті жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізушілердің жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
— Тексеру қорытындысына сәйкес, олар ҚР ӘҚбК-нің 6-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімімен екі жүргізуші де 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — деп хабарлады полициядан.
Қалалық полиция департаменті көлік құралдарының өзен арнасына немесе қозғалысқа арналмаған басқа да орындарға кіруіне болмайтынын қатаң ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Есентай өзенінде көлікпен жүрген 17 жастағы жасөспірім 5 бап бойынша жауапкершілікке тартылды.