15:50, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Өзендерде мұздарды жарып жатыр - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қар суымен күрес жалғасуда.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен 24 наурыз күні түскен мәліметке қарағанда, өңірде 50272 текше метр су сорылып алынды. Су тасқынына қарсы шараларға 236 адам, 44 техника, 15 мотопомпа қатыстырылуда. Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасына үш үйге су кіру қаупі төнгендігі туралы хабар түсіп, соның екеуі расталды.
Облыс орталығында су сору, топырақ, қиыршық тас төсеу, арық қазу, дамбаны бекіту жұмыстары жүргізілуде. Оралдан барлығы 157879 текше метр қар шығарылып, 35978 текше метр су сорылды.
Әзірге таси қоймаған облыс өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасуда. Өткен жылғы күзде ылғал мол, қыста қар көп түскендіктен, Жайық, Қараөзен, Сарыөзендерде судың тасуы қалыптағыдан жоғары болмақ.