12:27, 20 Сәуір 2022 | GMT +5
Өзі туған баланы көшеден тауып алдым деген қызылордалықтың үстінен іс қозғалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында полицияға өзі туған нәрестені көшеден тауып алғаны жөнінде жалған айтқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінің шеткі аймағында болған. Кент тұрғыны өзі дүниеге алып келген шақалақты көшеден тауып алдым деп полицияға жалған айтқан.
«Әйел қазір босанған шақалақ екеуі перзентханада ем қабылдауда. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қостанайда базардан нәрестенің мәйіті табылды.