19:04, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы болашақта мектептерге енгізілетін болады
ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Өзін-өзі тану» республикалық бағдарламасы болашақта пән ретінде мектептерге енгізілетін болады.

Бұл туралы Орал қаласында облыстық балалар құқықтарын қорғау департаменті №7 орта мектепте өткізген «Жүректер үндестігі» педагогтар клубының кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бөбек» қорының аталмыш бағдарламасы бойынша облыста тәжірибелік бес алаң жұмыс жасайды. Олардың екеуі Ақсайда болса, қалғаны Оралдағы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ мен №7 және №21 мектепте орналасқан. Соңғы кезде бұған қатысушы оқушылар саны артып келеді. Арнайы пән кабинеті жасақталып, керекті оқу құралдары да алынған.
Отырыста ұстаздар пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.