Өзіне өзі қол жұмсаған әйел дәрігерлердің көмегімен аман қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық «Жедел жәрдем» стансысы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сақтағанованың хабарлауынша, өткен аптада облыс орталығында стансының көмегін 3 263 тұрғын сұраған.
None
None

Олардың 568-і ауруханаларға жеткізілген. Солардың арасындағы 42 жастағы келіншек өзіне өзі қол жұмсамақ болған. Өмірмен дәрі-дәрмектің көмегімен қоштасқысы келген ол әртүрлі 30 таблетканы жұтып қойған. Туыстарының шақыруымен жеткен «Жедел жәрдем» дәрігерлері әйелге алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, облыстық медициналық орталыққа жатқызды. Нәтижесінде оны аман алып қалудың реті келді. Бұдан бөлек, дәрігерлер мұрнына қатты зат тығып жіберіп, тұншығып қалған 3 жасар сәбиді де ажал тырнағынан аралашап алды.

Соңғы жаңалықтар