Өзінің күйеубаласын пышақтаған әйел сотталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов аудандық №2 сотының үкімімен Жалпақтал ауылының Райхан есімді тұрғыны ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танылып, оған үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған әйел күйеубаласымен сөзге келіп, бір мәрте пышақ салған. Сөйтіп оған ауыр дене жарақатын келтірген.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар