Өзінің велосипедімен жанжалдасқан американдық тұтқынға алынды

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Өз велосипедімен жанжалдасқаны үшін американдық азамат тұтқындалып, қамауға алынды, деп хабарлайды TC Palm. Оқиға Флорида штатының Мартин округындағы Стуарт қаласында орын алды.
None
None

Куәгерлердің айтуынша, 68 жастағы Ричард Бэйлон жанар-жағар май стансысының тұрағында өзінің велосипедімен жанжалдасып, оған дауыс көтеру арқылы бірдеңені түсіндірмек болған. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз.

Оқиға орнына полицейлер келіп, Бэйлонның өз велосипедімен жанжалының жай-жапсарын көрген адамдардан сұрастырып, хаттамаға енгізіп, ер азаматты полиция учаскесіне алып кетті. Полицияның айтуынша, американдық азамат алкогольді мастықта болған.

Соңғы жаңалықтар