Өзіңіздей болмысы бекзат, парасаты мол, көреген Көшбасшымыздың барына сүйінеміз, мақтанамыз - Социалистік Еңбек Ерінің Елбасының атына жолдаған құттықтауы

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның ел ағалары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясын ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өз хаттарын жолдауда.
None
None

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында бүгінде еліміздің іргесі бүтін, беделі биік, бірлігі мығым, болашағы зор. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйенерге жарар ол», деп ұлы Абай айтқандай, өзіңіздей болмысы бекзат, парасаты мол, көреген Көшбасшымыздың барына сүйінеміз, мақтанамыз. Біздің буын қаншама қиын кезеңдерді басынан өткерді, бірақ қиналса да қайысқан жоқ, шаршаса да шалдыққан жоқ, жүдесе де жасыған жоқ. Бүгінгі бейбіт кезеңге байыппен жетіп, тәуелсіз елдің қазыналы қартына айналып отыр. Біз ынтымағы ұйыған, абыройы асқан азат еліміз үшін шүкіршілік етеміз. Әрдайым денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болып, халқыңызды жарқын болашаққа бастай беріңіз. «Нұр Отан» партиясының жеңісі құтты болсын!», - делінген Алматы облысы, Райымбек ауданының тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері Жолсейіт Молдасановтың құттықтау хатында.

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевқа өзінің жылы лебіздерін, сондай-ақ Алматы облысы, Қарасай ауданының қарт ұстазы Сейітхан Исаев білдірді.

«Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Күні кеше еліміз тарихи таңдау жасады. Жалпы жұртшылықтың Сізді және Сіз жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясын қолдайтындықтарына осы сайлауда тағы бір көз жеткіздік.

Бәйгеге басын тіккен батырдай халықты қандай қиындықтан да аман алып өтіп, өркен жайған өрелі ел ретінде қалыптастыруға бар күш-жігеріңізді жұмсап келесіз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен кезеңдер Сіздің байсалды басшылығыңыздың арқасында артта қалды. Бүгін елдің еңсесі тік, тірлігі тұрақты, бірлігі бекем. Бүгінге дейін қол жеткізген тамаша табыстарымыз, шыққан биіктеріміз, алған асуларымыз әрқайсымыздың көз алдымызда. Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті. Бұдан кейін де халқымыз өз болашағын Сізбен - Ұлт көшбасшысымен байланыстырады. Ел мүддесі жолындағы еңбегіңіз еселі, бастамаларыңыз баянды болсын!», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар