08:36, 08 Қаңтар 2014 | GMT +5
Озон қабаты қалпына келе бастады
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Ғаламшарды ультракүлгін сәулелерден қорғайтын озон қабатының бұзылуы тоқтаған және озон қабатының мөлшері ұлғая бастаған.

Фин-американдық ғылыми топ GOMOS және SAGE II арқылы жиналған өлшемдер негізінде зерттеу жүргізді. Осы мәліметтердің көмегімен ғалымдар өлшеу жүйесін құрған болатын.
Өлшем жүйесі озон қабатындағы өзгерістің шамамен 1997 жылы болғанын көрсетті. Сол жылы озон қабатын бұзушы газдардың көлемі, яғни, CFC газдары азая бастаған.
Финляндияның Метеорологиялық институтының профессоры Эркки Кюрелдің пікірінше, озон қабаты осы ғасырдың ортасында қалпына келеді.