П.Фостер: «Air Astana» Астана мен Париж арасында жылына 20 мың туристі тасымалдай алады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Air Astana» әуекомпаниясының Астана мен Париж арасында 20 мың адамдық туристер легін тасымалдауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мен «Air Astana» АҚ әуекомпаниясының директоры Питер Фостердің қатысуымен Париж-Астана әуе рейсінің ашылуына байланысты өткен пресс-конференцияда мәлім болды.
None
None

Питер Фостердің айтуынша, отандық әуекомпанияның еуропалық бағыттағы ұшу желісінде Парижге тікелей рейс болмаған. Осы бағыттың ашылуымен екі ел арасында туристік қатынастар саны артатын болады.

«2015 жылы Астана-Париж арасында 20 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Біз болжап болмаған бір нәрсе, Қытай елінен Қазақстан арқылы Парижге ұшатын үлкен жолаушылар легі бары байқалды», - дейді П.Фостер.

Елші Ф.Этьен қазіргі сәтте аталған маршрутта тек «Air Astana» әуекомпаниясы қызмет көрсететініне көңілдері толатынын, бұл компанияға толықтай сенетінін атап өтті.

Сондай-ақ, П.Фостер жақын арада Астана-Тбилиси, Астана-Сеул бағыттарында, 2017 жылы өтетін EXPO-2017 көрмесінің жұмысы басталғанға дейін Токиоға рейс ашылатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар