19:13, 07 Шілде 2016 | GMT +5
П.Порошенко: Украина Қазақстанмен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыра береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің туған күніне орай Украина Президенті Петр Порошенко құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке тілеп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табысты болуына ниеттестігін жеткізген.
Украина Президенті Қазақстан тарапы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі биік мәртебелі қызметі аясында Украина төңірегіндегі ахуалды реттеу, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.
Сондай-ақ П.Порошенко Украина Қазақстанмен арадағы өзара тиімді көпқырлы ынтымақтастығын екі елдің игілігі жолында жалғастыра беретінін айтқан.