П.Порошенко Украинадағы қантөгісті тоқтатудың жалғыз жолын атады

Reuters агенттігінің хабарлауынша, П.Порошенко Минскідегі келіссөздер барысында «әлемнің және еуропаның тағдыры» шешілетіндігін мәлім еткен. Украина Президенті Ресей, Беларусь және Қазақстан көшбасшыларын оның бейбіт жоспарын қабылдауға және кепілдік беруге шақырды. Яғни, бейбіт реттеу барысында Донецк пен Луганск облыстары тұрғындарының мүдделері ескерілуі тиіс.
ИТАР-ТАСС ақпаратына қарағанда , келіссөздер барысында В.Путин де Украинаның оңтүстік шығысындағы дағдарыстан шығу жолдарына қатысты өз ойларымен бөліскен.
Сонымен қатар кейбір ақпараттар бойынша, бүгін Порошенко мен Путин екіжақты кездесу өткізетін болады.
Айта кетерлігі, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Порошенконың екіжақты кездесуінде жалпыукраиндық дағдарыс, ұрыс барысында зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсету, босқындар мәселесі, сонымен қатар Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісімге қол қою аясындағы Мәскеу мен Киевтің қарым-қатынасына қатысты мәселелер талқылануы мүмкін екендігін мәлім еткен болатын.