17:09, 11 Шілде 2017 | GMT +5
Pajero жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап жол апатына ұшырады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Pajero жүргізушісі көлік тізгінен айрылып қалып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаға куә болғандардардың айтуынша, көлік жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Соның салдарынан ол рөлге ие бола алмай қалған.
«Pajero көлігі солтүстік айналма жолымен солтүстікке, яғни төмен қарай бағытпен келе жатқан. Аяқ астынан денсаулығы нашарлаған жүргізуші қарама-қарсы бетке шығып кетеді. Соның кесірінен қарсы келе жатқан Nissan мен Hundai көліктеріне соғылған»,- деді куә болған адамдар.
Қазір Nissan жүргізушісі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Ал Pajero жүргізушісінің жағдайы бірқалыпты. Ол қазір оқиға орнында.
Жол апатының мән жайын полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.