Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пәкістанның Белуджистан провинциясында көлік апатынан 14 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Бұл жайлы дүйсенбі күні The Express Tribune газеті хабарлады.

Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам қаза тапты

Басылым берген мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға шағын автобустағы техникалық ақаулардың кесірінен болған. Ол Кветтадан Зхоб бағытына қарай бара жатқан.

20 жолаушысы бар автобус қарсы келе жатқан жүк көлігімен бетпе-бет соғылған. Зардап шеккендер Кветта ауруханасына жеткізілді, екі адамның жағдайы ауыр.