11:42, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Пәкістанда автобустың жарылуы салдарынан 11 адам қаза тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше оқиға Белуджистан провинциясында орын алған. Автобустың ауысымнан оралып жатқан жұмысшыларды жеткізіп келе жатқаны хабарланып отыр, деп жазады lenta.ru.

Полицияның мәліметтерінше, жарылғыш зат көлік құралының төбесіне орнатылған. Лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алмай отыр.