Пәкістанда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістанның оңтүстік-шығысында пойыздың рельстен шығып кетуінен кем дегенде 30 адам қаза тапты, тағы 80 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғандай, Пәкістанның Навабшах қаласы маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 22 адам мерт болды және 50 адам жарақаттанды. Карачиден Равалпинди қаласына бағыт алған Hazara Expressi пойызының 10 вагоны Новабшах қаласы маңында рельстен шығып кеткен.Теміржол министрі Хаваджа Саад Рафиктің айтуынша, жол апаты техникалық ақаудан немесе астыртын әрекеттің салдарынан болуы ықтимал.