Пәкістанда су тасқынынан 24 адам мерт болды

ИСЛАМАБАД. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Пәкістанда тоқтаусыз жуған муссонды жауын салдарынан су тасып, кемінде 24 адам құрбан болды, 115 адам зардап шекті. Бұл туралы Табиғи апаттармен күрес ұлттық басқармасынан мәлім болды, деп хабрлайды ҚазАқпарат «Синьхуа». агентттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанда су тасқынынан 24 адам мерт болды

Ұлттық басқарманың есебі бойынша жексенбі күні кешкісін Пәкістанның оңтүстігіндегі су тасқынынан көбірек зардап шеккен Синд провинциясында табиғи апат 19 адамның өмірін қиып кетті. Одан кейін елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Хайбер-Пахтунхва провинциясында 3 адам көз жұмды. Елдің шығыс бөлігіндегі Пенджаб провинциясында 1 адам мерт болып, 107 адам зардап шеккен. Ал оңтүстік-батыстағы Белуджистан провинциясында 1 адам мерт болған.

Ел бойынша 214 707 үй қирап, 13 946 бас мал қырылды.

Ұлттық басқарманың жаңартылған соңғы мәліметтері бойынша, Пәкістанда осы маусымда муссонды жауын мен су тасқыны салдарынан мерт болғандар саны маусым айының ортасында 1314 адамға жетіп, 12 703 адам зардап шеккен.

Сонымен қатар 1 682 726 үй қирап, 750 405 бас мал қырылды.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарды құтқару операциялары жалғасуда.