Пәкістанда су тасқынынан көз жұмғандар саны 49 адамға жетті (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунва правинциясында су тасқынынан 49 адам ажал құшты.

Пәкістанда су тасқынынан көз жұмғандар саны 49 адамға жетті (ВИДЕО)

Бұған дейін 36 адам көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Тағы 34 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Елдің төтенше қызметі Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы су тасқынына нөсер жаңбырдың себеп болғанын  хабарлады.