Пәкістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге Өзбекстан Үкіметі 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізді

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі Пәкістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізді, - деп хабарлайды республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған BNews ақпарат агенттігі.
None
None

«Өзбекстан әуекомпаниясының жүк тасымалдайтын Ил-76 ұшағы 40 тонна гуманитарлық жүгімен дүйсенбі күні Пәкістанның Равалпинди әуе базасына қонды», - делінген таратылған ақпаратта.

Республика ТЖМ мәліметтері бойынша, 300 мың сомалық гуманитарлық көмек көрпелер, палаткалар, ауызсу, дәрі-дәрмектер, ұн мен күріш, балалар тағамы мен киім-кешектерден тұрады.

Пәкістан үкіметінің мәліметтерінше, екі айда табиғи апаттан қаза болғандар саны 1,6 мың адам болып, кем дегенде 20 млн. адам зардап шекті. Қазір Пәкістан территориясының бестен бір бөлігі су астында қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар