Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті

Жарылыстан зардап шеккен 100-ге жуық адам ауруханаға жеткізілген, соның ішінде 10 адамның жағдайы ауыр.

Жарылысты жанкешті түскі намаз кезінде өзін жарып жіберген. Ол кезде мешітте шамамен 250-дей адам болған. Мешіт учаскелік полиция бөлімшесінің жанында орналасқан.

Бұған дейін жарылыстан 19 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Фото: REUTERS