Пәкістандық азамат бір минутта басымен 155 жаңғақты жарды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан тұрғыны бір минутта басымен 155 жаңғақ жарып тастады, деп хабарлайды Sky News. Оның бұл өнері Гиннестар кітабына енгізілуі мүмкін. Аталған рекордтың авторы - жекпе-жектік төбелестермен айналысатын Мохаммад Рашид.
None
None

Бұған дейінгі рекорд 2013 жылы Нью-Йоркте жасалған еді. Онда Ашрита Фурман бір минутта басымен 44 жаңғақты жарды. Оның өзінде ол басын орамалмен байлап алған еді, ал пәкістандық ер азамат жалаң баспен ұрып, 155-ін бір-ақ жарып тастады.

Соңғы жаңалықтар