Пәкістандық Лахордағы жарылыстан 4 адамның өмірі қиылды

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Пәкістандық Лахор қаласының көшесінде сенбі күні бомба жарылып, кем дегенде 4 адам қаза болып, 30-ы жарақт алды.
None
None

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Полицияға сілтеме жасап, жергілікті БАҚ-тың жазуынша, сағаттық механизм орнатылған бомба сенбі кешке «Бұхара» мейрамханасының далада қойылған үстелдерінің арасында жарылған.

Қаза болғандардың ішінде бес жасар қыз бала мен 20 жасар жігіт бар екен. Пәкістанның басқа ірі қалаларымен салыстырғанда, Лахорде соңғы уақытқа дейін жарылыстар мен басқа да үлкен терактілер болмаған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум