Пәкістанның солтүстігінде лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

None
Кадр из видео/ bbc.com
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстігінде лай көшкінінен 11 адам, соның ішінде 4 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтемемен.

Жергілікті көшпенділер тайпасы ешкілерін айдап, Шоунтер асуынан өтіп бара жатқан кезде көшкін басталған.

Тағы 25 адам жарақат алды, құтқару операциясы жалғасып жатыр. Пәкістанның премьер-министрі Шехбаз Шариф адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтып, мұндай оқиғалар климаттың өзгеруіне байланысты жиілеп кеткенін мәлімдеді.

Жергілікті полиция қаза тапқандар арасында төрт әйел мен төрт жасар бала болғанын растады, деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Құтқарушылар лай көшкіні аймағына оның қашықтығы мен өтетін жері қиын болғандықтан кедергілерге тап болды. Әскерилер құтқару операциясын жүргізуге жергілікті билікке көмектескен. Екі әскеои тікұшақ әуеге көтерілді.

Куәгерлердің айтуынша, жергілкті тұрғындар да адамдарды құтқаруға көмектескен.

Премьер-министр Шариф Twitter-дегі аккаунтында «апаттың үлкен қайғы әкелгенін және адамдар қаза тапқанын» атап өтті.

«Климаттың өзгеруінің салдарынан Пәкістанда осындай жағдайлар жиілеп кетті. Бүкіл әлем Пәкістан сияқты дамушы елдерді қорғауға міндетті», - деп есептейді премьер-министр Шариф.

Пәкістанның солтүстік аймақтары климаттың өзгеруінен ауа райының төтенше жағдайларына жиі тап болады.

Аймақты кейде «үшінші полюстің» бөлігі деп атайды, өйткені онда полярлық аймақтардан тыс әлемнің басқа жерлеріне қарағанда мұздық көп.

Бұл үлкен мұздықтардың кейбіреулері климаттың өзгеруіне байланысты еріп, 3 мыңнан астам көл пайда болды. Өткен жылы елде 1700-ден астам адамның өмірін қиған жойқын су тасқыны болды


Соңғы жаңалықтар
telegram