Пәкістан Иран аумағына соққы жасағанын растады

АСТАНА. KAZINFORM - Пәкістан таңертең Marg Bar Sarmachar контртеррористік операциясын жүргізді, соның аясында Иранның Систан және Белуджистан провинциясында орналасқан лаңкестердің нысанына соққы берілді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Штаб-квартира группировки «Джейш аль-Адль» в Пакистане подверглась обстрелам
Фото: ИРНА

Пәкістан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция аясында бірнеше лаңкес жойылды.

«Бүгін таңертең Пәкістан Иранның Систан және Белуджистан провинциясындағы лаңкестердің баспаналарына жоғары деңгейде үйлестірілген және мақсатты дәлдікпен бірқатар әскери соққылар жасады. Қолда бар барлау деректері негізінде жүргізілген Marg Bar Sarmachar кодтық операциясы кезінде бірнеше террорист өлтірілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, Пәкістан сәрсенбі күні Иранның оның аумағына, ортақ шекараға жақын жерге әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді.

Пәкістан билігі Иранды «Джайш әл-Адль» қарулы тобына жасалған шабуылымен әуе кеңістігін бұзды деп айыптап, Исламабадтағы Иран елшісін шақыртты.

Соңғы жаңалықтар